ҰБТ 2026 спецификациясы
Информатика: ҰБТ тест спецификациясы
ҰТО-ның ресми құжаты. Дереккөз — testcenter.kz, «2026 жылдан бастап қолдану үшін» нұсқасы.
- Орыс тіліндегі түпнұсқа — testcenter.kz сайтындағы PDF
- Қазақ тіліндегі түпнұсқа — testcenter.kz сайтындағы PDF
Мәтін түпнұсқадан өзгертусіз терілді; айырмашылық болса, түпнұсқа дұрыс.
Өзіңді тексер
Информатика бойынша тест
Тегін · тіркелусіз · 40 тапсырма · 80 минут
Тест мақсаты
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау мақсатында түсушілердің дайындық деңгейлерін анықтау.
Тест міндеті
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін информатика пәнінен білімді меңгеру деңгейін бағалау.
Тест құрамы
Тест информатика пәні бойынша 40 тест тапсырмасынан тұрады. Оның ішінде:
- 25 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
- 5 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасынан тұратын 1 контекст
- 5 бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
- 5 сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмасы бар
Бөлімдер мен тақырыптар
| 01 Компьютерлік жүйелер | |
|---|---|
| 01 | Компьютердің құрылғылары |
| 02 | Компьютерлік желілер. Компьютерлік желілерді ұйымдастыру. Ақпараттық қауіпсіздік |
| 02 Ақпараттық процестер | |
| 03 | Ақпаратты ұсыну және өлшеу. Ақпаратты кодтау |
| 04 | Есептеу жүйелері |
| 05 | Компьютердің логикалық негіздері |
| 03 Компьютерлік ойлау | |
| 06 | Python программалау тілінде алгоритмдерді программалау |
| 07 | Алгоритмдер және программалау (Функция, Рекурсия, жолдармен жұмыс, файлдармен жұмыс, сұрыптау, граф) |
| 04 Аппараттық және программалық қамтамасыз ету | |
| 08 | Аппараттық қамтамасыз ету. Программалық қамтамасыз ету |
| 05 Ақпараттық процестер мен жүйелер | |
| 09 | Реляциондық деректер қоры |
| 10 | Мәліметтер қорын жасау. Құрылымдалған сұраныстар |
| 11 | Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы үрдістер. IT Startup (ай-ти стартап) 3D жобалау |
| 06 Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру | |
| 12 | Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру |
| 13 | Web-жобалау |
Қиындық деңгейлері
Тесттегі тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде берілген: базалық деңгейде (А) – 50 %, орташа деңгейде В – 30 %, жоғары деңгейде С – 20 %.
- A
- Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
- B
- Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
- C
- Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.
Орындау уақыты
Тест тапсырмасының орындалу уақытының орташа ұзақтығы – 2 минутты құрайды.