ENTLab
РУСҚазақша
← Барлық материалдар

ҰБТ 2026 спецификациясы

Дүниежүзі тарихы: ҰБТ тест спецификациясы

ҰТО-ның ресми құжаты. Дереккөз — testcenter.kz, «2026 жылдан бастап қолдану үшін» нұсқасы.

Мәтін түпнұсқадан өзгертусіз терілді; айырмашылық болса, түпнұсқа дұрыс.

Өзіңді тексер

Дүниежүзі тарихы бойынша тест

Тегін · тіркелусіз · 40 тапсырма · 80 минут

Байқау ҰБТ-ны тегін өту3 байқау тіркелусіз
Пән беті: Дүниежүзі тарихы ҰБТ-да

Тест мақсаты

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау мақсатында түсушілердің дайындық деңгейлерін анықтау.

Тест міндеті

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін дүниежүзі тарихы пәнінен білімді меңгеру деңгейін бағалау.

Тест құрамы

Тест дүниежүзі тарихы пәні бойынша 40 тест тапсырмасынан тұрады. Оның ішінде:

  • 25 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
  • 5 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасынан тұратын 1 контекст
  • 5 бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
  • 5 сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмасы бар

Бөлімдер мен тақырыптар

01 Ежелгі әлем өркениеттері.
01Ежелгі Египет. Ежелгі Месопотамия.
02Ежелгі Қытай. Ежелгі Үндістан.
03Ежелгі Греция. Ежелгі Рим. Александр Македонский империясы. Парсы империясы.
02 Орта ғасырлар кезеңі.
04Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары. Рим империясының құлауы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және Батыс Рим империясының құлауы.
05Византия империясы. Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарым-қатынастары. Киев Русінің құрылуы. Киев Русінде христиандықтың қабылдануы.
06Феодализм. «Феодализм» түсінігі. Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері. Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы. «Қара індет». Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісі. Феодалдық соғыстар (Жүз жылдық соғыс, Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы) және Еуропадағы бір орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы. Жанна д`Арк.
07610 және 1258 жылдар аралығындағы ислам тарихындағы басты оқиғалар. Араб халифаты. Крест жорықтары. Крест жорықтарының себептері, барысы және салдары (1-4 крест жорықтары). Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа және мұсылман әлемі.
08Моңғолдар. Шыңғыс хан. Моңғол империясының құрылуы. Моңғолдардың әскери өнері. Еуразия этносаяси картасының қалыптасуына моңғол жорықтарының әсері (Моңғол империясы, Алтын Орда, Әмір Темір империясы, Мәскеу мемлекеті, Құбылай мемлекеті, Ильханат).
09Феодалдық мемлекеттің даму кезеңдері. Батыс мемлекеттеріндегі абсолютизмнің ерекшеліктері. (Франция, Ресей, Англия).
10Шығыс мемлекеттеріндегі абсолютизмнің ерекшеліктері (Қытай, Жапония, Осман империясы).
11Реформация. Реформация себептері мен оның Еуропа елдеріндегі таралуы. Мартин Лютер наразылығының тарихи маңызы.
03 Ұлы географиялық ашылулар және олардың салдары.
12XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басындағы Ұлы географиялық ашулар мен олардың салдары. XV ғасырдағы Америка халықтары. Алғашқы отарлық империялар (Португалия, Испания). Африканың дәстүрлі өркениеттері.
04 Жаңа заман.
13Жаңа заманның басталуы. XVII ғасырдағы ағылшын бұржуазиялық революциясы. Дәстүрлі өркениет дағдарысы және Англияда XVII ғасырда жаңа қоғамның пайда болуы. Мануфактура, фабрикалардың пайда болуы және жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы. Өнеркәсіп төңкерісі: мәні, маңызы және салдары. Феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа өту. Индустриалды қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымының ерекшеліктері.
14XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания. Ұлы Моғолдар империясының дағдарысы және күйреуі. Еуропалық мемлекеттердің Ост-Үнді компаниясы. Франция мен Ұлыбританияның Үндістанға үстемдік жүргізудегі бәсекелестігі. Британ отарлық империясының құрылуы. ХVIIІ ғасырдағы Үндістанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. XІX ғасырдағы еуропалық отарлық үстемдік. 1857-1859 жылдардағы Үндістандағы ұлт-азаттық көтеріліс (сипайлар көтерілісі). Үндістанды басқарудағы өзгерістер. XІX ғасырдың соңында әлемдік отарлық жүйенің қалыптасуы.
15Солтүстік Америкадағы Британ отарлары. Отар елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама Штаттарының құрылуы. «Тәуелсіздік декларациясы». Америка Құрама Штаттарының күшеюі. «Жапонияны ашу». Трансатлантикалық құл саудасы. 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы. Америка Құрама Штаттарындағы құлдықтың жойылуы. Өнеркәсіптің өркендеуі және әлеуметтік-экономикалық даму.
16Француз бұржуазиялық революция. Француз абсолютизмнің дағдарысы. Француз бұржуазиялық революциясының негізгі оқиғалары. Республикалық құрылыстың ерекшеліктері. Наполеон Бонапарттың ішкі және сыртқы саясаты. Антифранцуздық коалициялар. Құрлықтық блокада. Наполеонның Ресейге басып кіруі. Наполеон империясының күйреуі.
17XIX ғасырдағы империялар және олардың бәсекелестігі. Ұлыбритания мен Ресейдің Иранға ықпал ету бәсекелестігі. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ресей. Қырым соғысының себептері мен салдары.
18Осман империясының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. Танзимат реформасы: мақсаттары мен нәтижелері. ХVIII ғасырдың ІІ - жартысындағы Осман империясының әлсіреуі: ішкі және сыртқы саясат.
19XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері. Цин династиясының оқшаулану саясаты мен еуропалықтардың сауда, дипломатиялық миссиялары. Апиын соғыстары: себептері мен салдары. Ихэтуандар көтерілісі. Еуропалық мемлекеттердің Қытайды «ықпал ету аймақтарына» бөлуі. Жартылай отар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
20Революциялық идеялардың XІX ғасырда Еуропаға таралуы. Мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы (Германия, Италия). Либералдық және демократиялық қозғалыс. Марксизмнің қалыптасуы мен таралуы. Еуропадағы 1848 жылғы буржуазиялық революциялар. Франко-Пруссия соғысы және Германияның бірігуі. Италияның бірігуі.
21XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Әлеуметтік-экономикалық даму. Ресей самодержавиясының ерекшеліктері. Ресейдегі азаттық қозғалыстың үш кезеңі. Декабристер көтерілісі. II Александр императордың реформалары. Халықшылдардың қозғалысы. Ресейдегі марксизмнің таралуы мен В.И. Лениннің революциялық қызметінің басталуы.
05 ХХ ғасырдың басындағы әлем. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары.
22Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. ХХ ғасырдың басындағы жетекші капиталистік мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтар. Қарама – қайшылықтардың шиеленісуі және екі әскери-саяси блоктардың – Үштік Одақ пен Антантаның құрылуы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері. 1914-1918 жылдардағы негізгі соғыс қимылдары. Соғыс жылдарындағы әскери стратегиялардың, ғылым мен техниканың дамуы. Германия мен оның одақтастарының жеңілуі. Компьен бітімі. Соғыстың салдары. Париж бітім конференциясы. Әлемнің саяси картасының өзгеруі. Империялардың күйреуі. Мандаттық жүйе. Ұлттар Лигасының құрылуы және қызметі. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесінің қарама-қайшылығы мен әлсіздігі.
06 Екі дүниежүзілік соғыс арасындағы әлем.
231917 жылғы Ресейдегі революциялар. Саяси күштердің күресі: социалистік партиялар (эсерлер, меньшевиктер, большевиктер), либералдар (кадеттер), радикалдар (анархистер). Большевиктердің билік басына келуі. Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері. «Еңбекшілер құқығы туралы Декларация». Азамат соғысы және шетелдік әскери интервенция. «Әскери коммунизм» саясатынан «Жаңа экономикалық саясатқа» көшу. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуы. Әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптаса бастауы. Осман империясының Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы. Севр бейбіт келісімі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері. Осман империясында сұлтан билігінің жойылуы және шетел интервенттеріне қарсы күресі. Мұстафа Кемалдың (Ататүрік) тарихи рөлі. Түркия – зайырлы мемлекет.
24Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қытай. Жапонияның Қытайға «21 талабы». Париж және Вашингтон конференцияларындағы «Қытай мәселесі». 1919 жылғы 4 мамыр қозғалысы. Жаңа мәдениет үшін қозғалысы. Гоминьдан және Қытай коммунистік партиясы. 1925-1927 жылдардағы ұлттық революция және біртұтас майдан мәселесі. Чан Кайши және Нанкин өкіметі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай. Гоминьдан қызметі. Азамат соғысы. Синьхай революциясы. Сунь Ятсен – Қытайдың уақытша президенті. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Біртұтас майдан мәселесі. Синьхай революциясы және Қытай республикасының жариялануы. Сунь Ятсеннің үш принципі және Қытай республикасының тағдыры. М. Гандидің Үндістан тәуелсіздігіне қол жеткізудегі көзқарастары. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония. «Танака меморандумы» және басқыншылық саясат. «Антикоминтерндік пакт» пен «Үштік пакт». Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі басқыншылық саясаты. Дағдарыс қарсаңындағы Жапониядағы экономикалық және саяси жағдай. Агрессивтік сыртқы саясат Жапонияны дағдарыстан шығару тәсілі ретінде.
25Әлемдік экономикалық дағдарыстың себептері мен салдары. Экономикалық және қаржылық реттеудің жаңа түрлерін енгізу. Экономикалық дағдарыс қарсаңындағы АҚШ-тың экономикалық және саяси дамуы. Уолл-Стриттегі қор биржасының күйреуі. «Қара бейсенбі» және экономикалық дағдарыстың басталуы. Банкроттық және жұмыссыздықтың өсуі. 1932 жылғы «Аштық маршы». Ұлы тоқыраудың тарихи салдары. Джон Кейнстің теориясы – демократия жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің, жаңалиберализмнің негізі. Франклин Делано Рузвельттің «Жаңа бағыты». Соғысаралық кезеңдегі Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясаты. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның дамуы.Француз фашизмі. Франциядағы «Халықтық майдан» өкіметі. Леон Блюм өкіметінің шаралары, «дирижизм» саясаты. «Капиталды шетелге жіберу». Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы салдары. Францияның әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. Франциядағы фашизмнің жеңілу себептері. Халықтық майдан үкіметі. Халықтық майданның антифашистік сипаты және оның реформаларының бағдарламасы. 1936 жылғы Матиньон келісімдері. Эдуард Даладье және Халықтық майданның әлеуметтік-экономикалық саясатынан бас тарту. Э. Даладье өкіметінің сыртқы саясаты және Халықтық майданның күйреуі.
26Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер. И.В. Сталин және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағындағы тоталитаризм. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. Кеңестік қоғамның әлеуметтік құрылымы. 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси репрессиялар. ГУЛАГ жүйесі. XX ғасырдың 30-жылының соңындағы Кеңес үкіметінің сыртқы саясаты.
27Германия. 1918-1919 жылдардағы революциялық үдерістер. Веймар республикасы. Соғыс салдары, экономикалық және саяси дағдарыс. Фашистік партия және тоталитарлық режимнің орнығуы. Ұлтшылдар партиясының әлеуметтік-экономикалық саясаты. Үшінші Рейхтің жүргізген сыртқы басқыншылық саясаты. Юнг жоспары: Германияны экономикалық дағдарыстан шығару. Рейхстагтың Ұлы тоқырау кезеңінде қабылдаған заңдары және олардың экономикалық дағдарыстан шығарудағы ролі. Ұлтшыл–социализмнің (нацизмнің) идеологиясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия. Фашистік ұйымның пайда болуы. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. «Маттеотти дағдарысы». Б. Муссолини өкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Соғысаралық кезеңдегі Испания. Буржуазиялық-демократиялық революция. Халықтық майданның жеңісі. Азамат соғысы және 1936-1939 жылдардағы фашистік интервенция. Фашистік режимге қарсы күресте интернационалдық бригадалардың ролі. Ф. Франко диктатурасының орнауы.
07 Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары.
28Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері. Версаль-Вашингтон жүйесінің дағдарысы. Германия мен Жапонияның Ұлттар Лигасынан шығуы. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру идеясы. Италия мен Жапония тарапынан басқыншылық әрекеттер. Германияның реваншистік бағыты. Агрессорды «тыныштандыру» саясаты. Германияның Рейн облысын басып алуы. Австрияны қосып алу (аншлюс). Антикоминтерндік пакт. Мюнхен келісімі, Молотов-Риббентроп пактісі, Антифашистік коалиция, Ленд-лиз заңының қабылдануы, «Үлкен үштік».
29Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балқан түбегі, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Басып алынған аумақтарда орнатылған фашистік «Жаңа тәртіп». Жапонияның Перл-Харборға шабуылы және Америка Құрама Штаттарының соғысқа кірісуі. Соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс. «Екінші майдан» ашу мәселесі. Фашистік Германияға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барысы. Антигитлерлік коалициядағы одақтастардың жеңісі. Фашистік мемлекеттердің тізе бүгуі және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Нюрнбергтегі, Хабаровскдегі және Токиодағы халықаралық әскери трибуналдар.
08 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлем.
30Маршалл жоспары. «Қырғи қабақ соғыстың» басталуы. У.Черчилдің Фултондағы сөзі. Трумэн доктринасы. Екі полюсті әлем. Әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ қарсылығы. Әлемдік «социалистік лагерьдің» қалыптасуы. 1948-1962 жылдардағы «қырғи қабақ соғыстың» негізгі оқиғалары. ГФР мен ГДР құрылуы. Өзара экономикалық көмек Кеңесі. 1950 - 1953 жылдардағы Корея соғысы. 1956 жылғы Венгриядағы оқиғалар. 1958 жылғы Берлин дағдарысы. Берлин қабырғасының қалануы (1961 ж.). КСРО мен АҚШ-тың космостағы бәсекелестігі. 1962 ж. Кариб (Куба) дағдарысы. Вьетнамдағы соғыс. 1968 жылғы Чехословакия. Ядролық клубтың құрылуы. Қарулану жолындағы жарыс. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің (ЕҚЫК) (Хельсинки, 1975 ж.) Қорытынды акті . Ауғанстанға кеңес әскерлерінің кіргізілуі. Биполярлық әлемнен көпполюсті әлемге өту. 1979-1985 жылдардағы «қырғи қабақ соғыстың» түйінді оқиғалары және оның аяқталуы. «Қырғи қабақ соғыстың» салдары: әлем картасындағы өзгерістер, жергілікті әскери шиеленістер. Шығыс Еуропадағы коммунистік режимдердің дағдарысы. «Бархыт революциялары». Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару.
31Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен қызметі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық мәселелерді реттеудің жолдары. Еуропалық интеграция (Еуроодақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы). Отарсыздану үдерісінің күшеюі. Әлемдік отарлау жүйесінің дағдарысы және күйреуі. Африка жылы. Франциядағы отарлық мәселенің шиеленісуі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі араб мемлекеттерінің негізгі даму тенденциялары. Араб-израиль қайшылығы мен Палестина мәселесі. «Араб көктемі»: әлемдік саясат үшін себептері мен салдары. Қазіргі әлемнің жаһандануы. Халықаралық лаңкестік және экстремизм.
32Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Еуропа кеңесі (1949 ж.). «Шуман жоспары» (1950 ж.). Брюссель келісімі (1954 ж.). Еуропалық экономикалық Қауымдастық (1957 ж.). Шарль де Голльдің Бесінші республикасы. Көмір мен болаттың Еуропалық бірлестігі (1952 ж.). 1968 жылғы Франциядағы мамыр дағдарысы. Ұлыбританиядағы Лейбористік өкіметтің «жалпыға бірдей бақуатты мемлекетке» өту бағытындағы шаралары. Г. Макмилланың экономикалық саясаты және Еркін сауданың Еуропалық ассоциациясының (1960 ж.) құрылуы. Г. Вильсонның экономикалық эксперименттері. Э.Хитт өкіметінің экономикалық саясаты. Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы Жалпыға бірдей бақытты мемлекет» негіздерінің қалыптасуы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ұлыбританиядағы консерватизмнің жаңа консерватизмге (неоконсерватизм) ауысуы. М. Тэтчер және радикалдық консерватизм. Англия үшінші өнеркәсіптік революция кезеңінде. Швеция үлгісіндегі социал-демократиялық мемлекеттің қалыптасуы. Швед экономикасының аралас моделі. Ұжымдық келісімдер жасақтау жүйесі.Швецияның Социал-демократиялық жұмысшы партиясы мен швед кәсіподақтарының орталық бірлестігінің бірлескен қызметі. Германиядағы «әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» сипатты белгілері. Германиядағы ХДС пен ХСС партиялары коалициясының экономикалық саясаты. «Аденауэр дәуірі» (1949-1963 жж.). Л. Эдхардттың әлеуметтік - бағдарлық нарықтық экономикасы. В. Брандт өкіметі кезіндегі герман экономикасының өсу деңгейінің төмендеуі. Х. Шмидт өкіметінің дағдарыспен күресі. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы мен адамдардың өмір сүру деңгейі.
33КСРО-дағы соғыстан кейінгі қалпына келу және әкімшіл-әміршіл жүйенің нығаюы. «Хрущев жылымығы». Кеңестік экономиканы реформалаудың сәтсіздікке ұшырау себептері. «Тоқырау» кезеңі (1960 жылдың ІІ жартысы – 1980 жылдың соңы). КСРО-дағы Қайта құру және КСРО- ның ашық сыртқы саясатқа көшуі. КСРО-ның ыдырауы.
34ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерешеліктері. Коммунистік Қытай: саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйе сипаттамасы. ҚКП Бас бағытын қабылдау (1953-1967 жж.) Мао Цзэдунның «Үлкен секірісі». «Мәдени революция». Дэн Сяопин – қытайлық реформалардың «архитекторы». Қытай социализмі. Қытайлық реформалардың жетістіктері. 1950-1960-жылдардағы жапондық және оңтүстік кореялық «экономикалық ғажайыптың» себептері. АСЕАН (Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) құрылуы (1967). Үндістанның тәуелсіз дамуы: мәселелер және шешу жолдары. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ұлт-азаттық күрестің күшеюі. Үнді Ұлттық Конгресінің үнді халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы рөлі. Күш көрсетпей бағынбау науқаны. Дж. Неру және оның тәуелсіздік үшін күресінің тәсілдері. М.А. Джинна және тәуелсіздік үшін күрестегі Мұсылман лигасының қызметі. Британдық Үндістанды бөлу және екі мемлекеттің (доминионның) қалыптасуы. Үндістан мен Пәкістанның тәуелсіздіктерін жариялауы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы. Жаңа және қазіргі заманғы индустриалдық елдердің ортақ белгілері.
09 Ежелгі әлем мәдениетінің дамуы.
35Алғашқы қауымдық өнердің түсінігі және түрлері. Ежелгі Египет мәдениеті. Ежелгі Қосөзен мәдениеті. Ежелгі Қытай мәдениеті. Ежелгі Үндістан мәдениеті. Ежелгі Греция мәдениеті. Ежелгі Рим мәдениеті. Eжелгі діни нанымдар. Eжелгі философиялық ойлар.
10 Ортағасырдағы мәдениеттің дамуы.
36Ортағасырлық қалалар мен ортағасырлық өнердің даму ерекшеліктері. Исламның пайда болуы. Мұсылман әлемі мәдениетінің дамуы. Сауда, қолөнер және әлемді игеру. Ұлы Жібек жолы. Халықаралық сауда мен саяхаттар. Қытайдағы Мин әулетіндегі теңіз саяхаттары (Чжен Хе басшылығымен). Қайта өрлеу. Батыс Еуропадағы Ренессанс мәдениеті. Гуманистік идеялар. Шығыстың ортағасырлық мәдениеті. Ғылыми революция. Әлемнің қазіргі ғылыми суретінің негізін салушылар және олардың ізбасарлары.
11 Жаңа заманда мәдениеттің дамуы.
37Ағартушылық идеяларының таралуы. Ағарту дәуірінің қайраткерлері. «Ағартушылық абсолютизм». Еуропа мен Солтүстік Америкада революциялық процестердің таралуындағы ағартушылық идеяларының рөлі. Ағартушылық идеяларының қоғамдық санаға әсері. Ағарту дәуіріндегі Франция мәдениеті. Өнер және оның XIX ғасырдағы бағыттары. Әдебиет және өнер. Әлеуметтік әділетсіздіктің өнердегі көрінісі. Ғылыми ойдың дамуы. ХІХ ғасырдағы ғылыми жаңалықтар.
12 ХХ ғасыр – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет пен ғылым.
38Ғылыми-техникалық прогресс. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылым. Мәдениет дамуының ерекшелігі. Қоғамдағы дін рөлінің өзгеруі. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология. ХХ ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасырдың басындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. Ғылыми-техникалық революция - ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі. АҚШ-тағы ғылыми техникалық революцияның елдердің дамуына әсері. «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Бұқаралық мәдениет.
13 Контекстік тапсырмалар.
39Құжаттағы тарих.
40Тарихи тұлғалар.
41Тарихи карталар мен схемалар.

Қиындық деңгейлері

Тесттегі тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде берілген: базалық деңгейде (А) – 50 %, орташа деңгейде В – 30 %, жоғары деңгейде С – 20 %.

A
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
B
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
C
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.

Орындау уақыты

Тест тапсырмасының орындалу уақытының орташа ұзақтығы – 2 минутты құрайды.