ҰБТ 2026 спецификациясы
Құқық негіздері: ҰБТ тест спецификациясы
ҰТО-ның ресми құжаты. Дереккөз — testcenter.kz, «2026 жылдан бастап қолдану үшін» нұсқасы.
- Орыс тіліндегі түпнұсқа — testcenter.kz сайтындағы PDF
- Қазақ тіліндегі түпнұсқа — testcenter.kz сайтындағы PDF
Мәтін түпнұсқадан өзгертусіз терілді; айырмашылық болса, түпнұсқа дұрыс.
Өзіңді тексер
Құқық негіздері бойынша тест
Тегін · тіркелусіз · 40 тапсырма · 80 минут
Тест мақсаты
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау мақсатында түсушілердің дайындық деңгейлерін анықтау.
Тест міндеті
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін құқық негіздері пәнінен білімді меңгеру деңгейін бағалау.
Тест құрамы
Тест құқық негіздері пәні бойынша 40 тест тапсырмасынан тұрады. Оның ішінде:
- 25 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
- 5 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасынан тұратын 1 контекст
- 5 бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
- 5 сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмасы бар
Бөлімдер мен тақырыптар
| 01 Мемлекет және құқық | |
|---|---|
| 01 | Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар. Заң шығару, құқықтық мәдениет, мемлекет қоғамның саяси жүйесінде |
| 02 | Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы |
| 03 | Адам құқықтары түсінігі. Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау |
| 04 | Сот төрелігінің принциптері. Сот жүйесі. Құқық қорғау органдары |
| 02 Жария құқық | |
| 05 | Қазақстан Республикасының конституциялық құқық жүйесі. Қазақстан Республикасындағы азаматтық және сайлау |
| 06 | Әкімшілік құқық жүйесі. Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері |
| 07 | Экологиялық құқық негіздері. Жер құқығы негіздері |
| 08 | Қылмыстық құқық жүйесі. Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері |
| 09 | Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік |
| 03 Жеке құқық | |
| 10 | Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары. Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері |
| 11 | Тұтынушылар құқығы туралы заңнама. Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы. Авторлық құқық негіздері |
| 12 | Отбасы құқығы жүйесі. Отбасы құқығының институттары |
| 13 | Еңбек құқығы жүйесі. Еңбек құқығының базалық нормалары |
| 04 Іс жүргізу құқығының негіздері | |
| 14 | Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері. Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары |
| 15 | Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері. Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары |
| 16 | Әкімшілік іс жүргізу құқығының негіздері. Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары |
| 05 Халықаралық құқық | |
| 17 | Халықаралық жария құқығы. Қазақстан Республикасы – халықаралық құқық субъектісі |
| 18 | Халықаралық құқықтағы адам құқықтарының қорғалуы |
| 06 Құқық бойынша контекстік тапсырмалар | |
| 19 | Мемлекет және құқық. Жария құқық. Жеке құқық. Іс жүргізу құқығының негіздері. Халықаралық құқық |
Қиындық деңгейлері
Тесттегі тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде берілген: базалық деңгейде (А) – 50 %, орташа деңгейде В – 30 %, жоғары деңгейде С – 20 %.
- A
- Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
- B
- Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
- C
- Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.
Орындау уақыты
Тест тапсырмасының орындалу уақытының орташа ұзақтығы – 2 минутты құрайды.