ҰБТ 2026 спецификациясы
Математикалық сауаттылық: ҰБТ тест спецификациясы
ҰТО-ның ресми құжаты. Дереккөз — testcenter.kz, «2026 жылдан бастап қолдану үшін» нұсқасы.
- Орыс тіліндегі түпнұсқа — testcenter.kz сайтындағы PDF
- Қазақ тіліндегі түпнұсқа — testcenter.kz сайтындағы PDF
Мәтін түпнұсқадан өзгертусіз терілді; айырмашылық болса, түпнұсқа дұрыс.
Өзіңді тексер
Математикалық сауаттылық бойынша тест
Тегін · тіркелусіз · 10 тапсырма · 20 минут
Тест мақсаты
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау мақсатында түсушілердің дайындық деңгейлерін анықтау.
Тест міндеті
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін математикалық сауаттылық бойынша білімді меңгеру деңгейін бағалау.
Тест құрамы
Тест математикалық сауаттылық бойынша 10 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларынан тұрады.
Бөлімдер мен тақырыптар
| 01 Сандық талқылау | |
|---|---|
| 01 | Сандық өрнектермен берілген логикалық тапсырмалар |
| 02 | Теңдеулердің көмегімен және әріпті өрнектер құру арқылы шешілетін мәтінді есептерге берілген логикалық есептер |
| 03 | Пайыздық есептеулерге берілген логикалық есептер. Дөңгелек және бағанды диаграммалар түріндегі статистикалық мәліметтерге арналған логикалық есептер |
| 02 Анықсыздық | |
| 04 | Бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасы |
| 05 | Статистикалық кесте, алқап, гистограмма. Жиындар теориясы және логика элементтері. Комбинаторика негіздері. Ықтималдықтар теориясының негіздері. |
| 03 Өзгерістер мен тәуелділіктер | |
| 06 | Бір шаманың екінші шамаға тәуелді өзгеруіне байланысты берілген логикалық есептер |
| 07 | Тізбектерді қолдануға берілген логикалық тапсырмалар. Кестедегі ақпараттарды талдай білуге берілген логикалық тапсырмалар |
| 04 Кеңістік пен форма | |
| 08 | Геометриялық мазмұндағы логикалық есептер және геометриялық мазмұндағы стандартты емес тапсырмалар |
| 09 | Геометриялық фигуралардың периметрі мен ауданының формуласын қолдануға берілген логикалық есептер |
| 10 | Геометриялық денелердің бет аудандарының формуласын қолдануға берілген логикалық есептер |
Қиындық деңгейлері
Тесттегі тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде берілген: базалық деңгейде (А) – 50 %, орташа деңгейде В – 30 %, жоғары деңгейде С – 20 %.
- A
- Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
- B
- Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
- C
- Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.
Орындау уақыты
Тест тапсырмасының орындалу уақытының орташа ұзақтығы – 2 минутты құрайды.