ENTLab
РУСҚазақша
← Барлық материалдар

ҰБТ 2026 спецификациясы

География: ҰБТ тест спецификациясы

ҰТО-ның ресми құжаты. Дереккөз — testcenter.kz, «2026 жылдан бастап қолдану үшін» нұсқасы.

Мәтін түпнұсқадан өзгертусіз терілді; айырмашылық болса, түпнұсқа дұрыс.

Өзіңді тексер

География бойынша тест

Тегін · тіркелусіз · 40 тапсырма · 80 минут

Байқау ҰБТ-ны тегін өту3 байқау тіркелусіз
Пән беті: География ҰБТ-да

Тест мақсаты

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау мақсатында түсушілердің дайындық деңгейлерін анықтау.

Тест міндеті

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін география пәнінен білімді меңгеру деңгейін бағалау.

Тест құрамы

Тест география пәні бойынша 40 тест тапсырмасынан тұрады. Оның ішінде:

  • 25 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
  • 5 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасынан тұратын 1 контекст
  • 5 бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
  • 5 сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмасы бар

Бөлімдер мен тақырыптар

01 Географиялық зерттеу әдістері
01Жалпы географиялық әдістер. Зерттеулер және зерттеушілер
02 Картография және геоинформатика
02Картография
03Геоинформатика негіздері
03 Физикалық география. Табиғатты пайдалану және геоэкология
04Литосфера
05Атмосфера
06Гидросфера
07Биосфера
08Табиғи-аумақтық кешендер
09Табиғатты пайдалану және геоэкология
10Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
04 Әлеуметтік география.
11Халық географиясы
05 Экономикалық география. Геоэкономика
12Табиғи ресурстар
13Әлеуметтік-экономикалық ресурстар
14Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы
15Дүниежүзі шаруашылықтың даму үдерсітері мен көрсеткіштері
16Геоэкономика негіздері
06 Елтану және саяси география негіздері. Геосаясат
17Дүниежүзі елдері
18Дүниежүзі аймақтары
19Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері
20Геосаясат негіздері
07 Адамзаттың ғаламдық проблемалары
21Ғаламдық проблемаларды шешу

Қиындық деңгейлері

Тесттегі тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде берілген: базалық деңгейде (А) – 50 %, орташа деңгейде В – 30 %, жоғары деңгейде С – 20 %.

A
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
B
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
C
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.

Орындау уақыты

Тест тапсырмасының орындалу уақытының орташа ұзақтығы – 2 минутты құрайды.