ENTLab
РУСҚазақша
← Барлық материалдар

ҰБТ 2026 спецификациясы

Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес): ҰБТ тест спецификациясы

ҰТО-ның ресми құжаты. Дереккөз — testcenter.kz, «2026 жылдан бастап қолдану үшін» нұсқасы.

Мәтін түпнұсқадан өзгертусіз терілді; айырмашылық болса, түпнұсқа дұрыс.

Өзіңді тексер

Қазақ тілі бойынша тест

Тегін · тіркелусіз · 40 тапсырма · 80 минут

Байқау ҰБТ-ны тегін өту3 байқау тіркелусіз
Пән беті: Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) ҰБТ-да

Тест мақсаты

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау мақсатында түсушілердің дайындық деңгейлерін анықтау.

Тест міндеті

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қазақ тілі пәнінен білімді меңгеру деңгейін бағалау.

Тест құрамы

Тест қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша 40 тест тапсырмасынан тұрады. Оның ішінде:

  • 25 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
  • 5 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасынан тұратын 1 контекст
  • 5 бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
  • 5 сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмасы бар

Бөлімдер мен тақырыптар

01 Сөз таптары-1
01Зат есім, көмекші есім; Сын есім, сын есімнің шырайлары Сан есім, сан есімнің түрлері Есімдік, есімдіктің түрлері
02 Сөз таптары-2
02Етістік, етістік категориялары Үстеу, түрлері Шылау Еліктеу сөз Одағай
03 Сөйлем
03Құрмалас сөйлем синтаксисі
04 Оқылым
04Мәтінмен жұмыс

Қиындық деңгейлері

Тесттегі тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде берілген: базалық деңгейде (А) – 50 %, орташа деңгейде В – 30 %, жоғары деңгейде С – 20 %.

A
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
B
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
C
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.

Орындау уақыты

Тест тапсырмасының орындалу уақытының орташа ұзақтығы – 2 минутты құрайды.