ENTLab
РУСҚазақша
← Барлық материалдар

ҰБТ 2026 спецификациясы

Химия: ҰБТ тест спецификациясы

ҰТО-ның ресми құжаты. Дереккөз — testcenter.kz, «2026 жылдан бастап қолдану үшін» нұсқасы.

Мәтін түпнұсқадан өзгертусіз терілді; айырмашылық болса, түпнұсқа дұрыс.

Өзіңді тексер

Химия бойынша тест

Тегін · тіркелусіз · 40 тапсырма · 80 минут

Байқау ҰБТ-ны тегін өту3 байқау тіркелусіз
Пән беті: Химия ҰБТ-да

Тест мақсаты

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау мақсатында түсушілердің дайындық деңгейлерін анықтау.

Тест міндеті

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін химия пәнінен білімді меңгеру деңгейін бағалау.

Тест құрамы

Тест химия пәні бойынша 40 тест тапсырмасынан тұрады. Оның ішінде:

  • 25 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
  • 5 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасынан тұратын 1 контекст
  • 5 бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
  • 5 сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмасы бар

Бөлімдер мен тақырыптар

01 Заттардың бөлшектері
01Атом құрамы және құрылысы. Химиялық байланыс және зат құрылысы
02Химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі
02 Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
03Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электролиз
04Кинетика. Химиялық тепе-теңдік
03 Химиялық реакциялардың энергетикасы
05Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер. Тұздар гидролизі
04 Химия және өмір
06Металдар және бейметалдардың жалпы сипаттамасы. Металдар өндірісі
071(I), 2 (II), 3 (III) топ элементтері және оның қосылыстары
0814 (IV) топ элементтері және оның қосылыстары
0915 (V) топ элементтері және оның қосылыстары.Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу
1016 (VI) топ элементтері және оның қосылыстары
1117 (VII) топ элементтері және оның қосылыстары
12Ауыспалы элементтер және оның қосылыстары. Кешенді қосылыстар
05 Химия және қоршаған орта
13Көмірсутектер
14Оттекті органикалық қосылыстар
15Көмірсулар
16Азотты органикалық қосылыстар
17Синтетикалық полимерлер. Жаңа заттарды және материалдарды өндіру.Мұнай
06 Есептер
18Әрекеттесуші массалар заңына, параллель жүретін реакциялар теңдеулері, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеуге, кинетикаға, олеумге, орынбасу реакциялары бойынша есептеулер (пластинка), қоспаларға, электролизге есептер шығару
19Жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формуларын анықтау, параллель жүретін реакциялар теңдеулері, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеуге, кинетикаға, қоспаларға есептер шығару

Қиындық деңгейлері

Тесттегі тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде берілген: базалық деңгейде (А) – 50 %, орташа деңгейде В – 30 %, жоғары деңгейде С – 20 %.

A
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
B
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
C
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.

Орындау уақыты

Тест тапсырмасының орындалу уақытының орташа ұзақтығы – 2 минутты құрайды.