ENTLab
РУСҚазақша
← Барлық материалдар

ҰБТ 2026 спецификациясы

Биология: ҰБТ тест спецификациясы

ҰТО-ның ресми құжаты. Дереккөз — testcenter.kz, «2026 жылдан бастап қолдану үшін» нұсқасы.

Мәтін түпнұсқадан өзгертусіз терілді; айырмашылық болса, түпнұсқа дұрыс.

Өзіңді тексер

Биология бойынша тест

Тегін · тіркелусіз · 40 тапсырма · 80 минут

Байқау ҰБТ-ны тегін өту3 байқау тіркелусіз
Пән беті: Биология ҰБТ-да

Тест мақсаты

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау мақсатында түсушілердің дайындық деңгейлерін анықтау.

Тест міндеті

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін биология пәнінен білімді меңгеру деңгейін бағалау.

Тест құрамы

Тест биология пәні бойынша 40 тест тапсырмасынан тұрады. Оның ішінде:

  • 25 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
  • 5 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасынан тұратын 1 контекст
  • 5 бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
  • 5 сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмасы бар

Бөлімдер мен тақырыптар

01 Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері. Ағза мен қоршаған орта
01Тірі ағзалардың көптүрлілігі. Биосфера, экожүйе, популяция. Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
02Қоректену
03Заттардың тасымалдануы
04Тыныс алу
05Бөліп шығару
06Қозғалыс. Биофизика
07Координация және реттелу
02 Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму
08Көбею. Өсу және даму
09Жасушалық айналым. Жасушалық биология
10Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары. Селекция негіздері. Эволюциялық даму
03 Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
11Молекулалық биология мен биохимия
12Микробиология және биотехнология. Биомедицина және биоинформатика

Қиындық деңгейлері

Тесттегі тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде берілген: базалық деңгейде (А) – 50 %, орташа деңгейде В – 30 %, жоғары деңгейде С – 20 %.

A
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
B
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
C
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.

Орындау уақыты

Тест тапсырмасының орындалу уақытының орташа ұзақтығы – 2 минутты құрайды.