ҰБТ 2026 спецификациясы
Ағылшын тілі: ҰБТ тест спецификациясы
ҰТО-ның ресми құжаты. Дереккөз — testcenter.kz, «2026 жылдан бастап қолдану үшін» нұсқасы.
- Орыс тіліндегі түпнұсқа — testcenter.kz сайтындағы PDF
- Қазақ тіліндегі түпнұсқа — testcenter.kz сайтындағы PDF
Мәтін түпнұсқадан өзгертусіз терілді; айырмашылық болса, түпнұсқа дұрыс.
Өзіңді тексер
Ағылшын тілі бойынша тест
Тегін · тіркелусіз · 40 тапсырма · 80 минут
Тест мақсаты
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау мақсатында түсушілердің дайындық деңгейлерін анықтау.
Тест міндеті
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін ағылшын тілі пәнінен білімді меңгеру деңгейін бағалау.
Тест құрамы
Тест ағылшын тілі пәні бойынша 40 тест тапсырмасынан тұрады. Оның ішінде:
- 25 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
- 5 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасынан тұратын 1 контекст
- 5 бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы
- 5 сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмасы бар
Бөлімдер мен тақырыптар
| 01 Vocabulary and orthography | |
|---|---|
| 01 | Synonyms, antonyms; Compatibility of lexical units; Polysemantic words; Set expressions |
| 02 Morphology | |
| 02 | Articles, prepositions, conjunctions; Word-formation |
| 03 | Parts of speech |
| 03 Syntax | |
| 04 | Sentences |
| 05 | Constructions |
| 04 Synthesis and analysis | |
| 06 | Work with speech norms |
| 05 Reading | |
| 07 | Text work |
Қиындық деңгейлері
Тесттегі тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде берілген: базалық деңгейде (А) – 50 %, орташа деңгейде В – 30 %, жоғары деңгейде С – 20 %.
- A
- Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
- B
- Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
- C
- Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.
Орындау уақыты
Тест тапсырмасының орындалу уақытының орташа ұзақтығы – 2 минутты құрайды.