Спецификация ЕНТ 2026
Казахская литература (обучение не на казахском): спецификация теста ЕНТ
Официальный документ НЦТ. Источник — testcenter.kz, версия «для использования с 2026 года».
Текст набран с оригинала без изменений; при расхождении верен оригинал.
НЦТ опубликовал спецификацию по этому предмету только на казахском языке — ниже её текст без перевода.
Проверь себя
Тест по казахской литературе
Бесплатно · без регистрации · 40 заданий · 80 минут
Цель теста
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау мақсатында түсушілердің дайындық деңгейлерін анықтау.
Задача теста
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қазақ әдебиеті пәнінен білімді меңгеру деңгейін бағалау.
Состав теста
Тест қазақ әдебиеті бойынша 40 тест тапсырмасынан тұрады. Оның ішінде:
- 25 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары
- 5 бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларынан тұратын 1 контекст
- 5 бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары
- 5 сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмалары бар
Разделы и темы
| 01 Ежелгі дәуір әдебиеті және халық ауыз әдебиеті | |
|---|---|
| 01 | «Күлтегін» жыры, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры (үзінді) |
| 02 | Тұмар ханшайым туралы аңыз, «Ең үлкен байлық» ертегісі |
| 03 | Жұлдыздар туралы аңыздар, ертегілер. Жан-жануарлар туралы ертегілер |
| 02 ХІХ ғасыр әдебиеті | |
| 04 | Абай Құнанбаев Табиғат лирикасы, «Сағаттың шықылдағы емес ермек», «Базарға қарап тұрсам әркім барар», «Адамның кейбір кездері», |
| 05 | Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?», «Атымтай жомарт» |
| 06 | Ш.Уәлиханов «Жоңғария очерктері» |
| 03 ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет | |
| 07 | Ақан сері «Жігіт сипаты», «Қыз сипаты» М. Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен жастарға сенемін» өлеңдері |
| 08 | І. Жансүгіров «Күйші» поэмасы (үзінді), «Күй» поэмасы, «Жетісу суреттері» |
| 09 | Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі |
| 10 | С. Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы |
| 04 ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет | |
| 11 | Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» романы Д. Исабеков «Әпке» драмасы |
| 12 | М.Әуезов «Абай жолы» романы, «Қайтқанда» тарауы, «Көксерек» |
| 13 | Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы Ғ.Мұстафин «Қарағанды», «Шығанақ» романдары (үзінді) |
| 14 | Т. Айбергенов «Бір тойым бар», М. Мақатаев «Наурыз», «Ертең біз жол жүреміз», «Сағатым қайда, сағатым?», «Тоқта, ботам!» өлеңі Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі |
| 15 | І. Есенберлин «Көшпенділер» Ә.Нұршайықов «Аңыз бен ақиқат» (үзінді) |
| 16 | С.Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі Қ. Аманжолов «Жас дәурен» Т. Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі |
| 17 | М.Мағауин «Бір атаның балалары», Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» |
| 18 | С. Мұратбеков «Телі өскен ұл» повесі, «Жусан иісі» О. Бөкей «Апамның астауы» әңгімесі |
| 19 | Б. Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі М. Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді, «Компьютер басты жарты адамдар» |
| 05 Қазіргі заман әдебиеті | |
| 20 | Болат Ұзақов «Жантаза» Болат Жотақажы Бопайұлы «Қазақы наурызнама» (үзінді) Нұртөре Жүсіп «Қыран қазақ» (деректі әңгіме) Дидахмет Әшімханов «Бес арыс» кітабынан үзінді |
| 21 | Гауһар Сейітжан «Қара алтыны халқымның ...» Қ. Мырзалиев «Аралым» өлеңі Әкім Ысқақ «Күн ұлымын» Жүніс Сахиев «Уақыт қайтарымы», Медеу Сәрсеке «Жетінші толқын» |
| 22 | Тынымбай Нұрмағанбетов «Он төрт жасар жігіт» Талаптан Сұлтанбеков «Ғажайып планета» әңгімесі (үзінді) Ермек Өтетілеуұлы «Ата Заң» |
| 23 | Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» Думан Рамазан «Соңғы дем» әңгімесі Жанболат Ауыпбаев «Диктор» деректі әңгімесі Қайнар Олжай «Жер мен аспан арасындағы дастан» кітабы |
| 24 | Ұлықбек Есдәулет «Қара пима» поэмасы Бауыржан Омарұлы «Сапардың сырлы сәттері» Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі |
| 25 | Дүкенбай Досжан «Төрт патшаны көрген кейуана» хикаяты Сәбит Оразбай «Өмірдің өзі театр» әңгімесі, Айбатыр Сейтақ «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» |
| 26 | Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш, дәуіт, жылан» Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» романы (үзінді) Гүлнар Жұмабайқызы «Ел тірегі - экономика» |
| 06 Шет ел әдебиеті | |
| 27 | Шыңғыс Айтматов «Ана – Жер Ана», «Кассандра таңбасы», «Найман ана» |
| 28 | Даниэль Дефо «Робинзон Крузо» романы (үзінді) |
| 29 | Айзек Азимов «Мен - роботпын» жинағынан үзінді |
| 30 | Майкл Х. Харт «100 ұлы адам» атты кiтабынан - «Альберт Эйнштейн», Дениз Райан «Ақпарат және байланыс», «Ауа райы» |
| 07 Көркем шығарма үзіндісімен жұмыс | |
| 31 | Мәтінмен жұмыс |
Уровни трудности
Тесттегі тест тапсырмаларының қиындығы үш деңгейде берілген: базалық деңгейде (А) – 50 %, орташа деңгейде В – 30 %, жоғары деңгейде С – 20 %.
- A
- Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген.
- B
- Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға негізделген.
- C
- Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды, тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды негіздеуге бағытталған.
Время выполнения
Тест тапсырмасының орындалу уақытының орташа ұзақтығы – 2 минутты құрайды.